Басты бет > Жаңалықтар > Ғылыми кеңесте жаңа міндеттер айқындалды
4
Ғылыми кеңесте жаңа міндеттер айқындалды

Жұбанов университетінде жаңа оқу жылындағы алғашқы кеңейтілген Ғылыми кеңес өтті. Жиында ҚР Президентінің Жолдауында айтылған басымдықтар негізінде университеттің алдағы даму бағыты белгіленді.

Университет ректоры Лаура Қарабасова оқу орнының стратегиялық міндеттерін таныстырып, нақты тапсырмалар берді. 

Атап айтқанда, педагогикалық білім беру бағдарламаларындағы жасанды интеллект компонентін арттыру, компьютерлік инженерия бағытындағы білім бағдарламаларының практикалық мазмұнын күшейту, жасанды интеллект бағытында ғалымдар мен шетелдік профессорларды тарту, экономика саласында өңірге қажетті зерттеу жобаларын дамыту, шағын және орта бизнес пен инвестициялық тартымдылыққа басымдық беру, AI Sana бағдарламасын сапалы түрде жүзеге асыруды жалғастыру, сондай-ақ экологиялық сана мен жастардың креативті әлеуетін қолдау міндеттері жүктелді.

Осы маңызды міндеттерді орындау үшін университет қызметкерлерінің жалақысы өскендігі туралы хабарланды: қызмет көрсетуші персоналға – 30 пайызға дейін, профессор-оқытушылар құрамына ғылыми жетістіктеріне қарай – 35 пайызға дейін, басқа санаттағы қызметкерлерге – 20 пайызға дейін.
Бұл қадамдар университеттің стратегиялық дамуын айқындап, білім мен ғылым сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.