
Қытайлық ғалымдар қонақ дәрісін өткізді
Жұбанов университетінің физика-математика факультетінде Қытай Ғылым және технология университетінің (University of Science and Technology of China – USTC) халықаралық деңгейде танылған зерттеушілері — PhD, доцент Xin Wang (h-index 68) және PhD, профессор Yanbei Hou (h-index 34) қонақ дәріс өткізді.
Қытайлық ғалымдар витримерлік эпоксидті материалдар саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерімен бөлісті. Бұл материалдар отқа төзімділік, қайта өңделу мүмкіндігі және өздігінен қалпына келу қасиеттерімен ерекшеленеді.
Аталған зерттеулер тұрақты полимерлік жүйелерді дамытуда маңызды қадам болып табылады және экологиялық тұрғыдан тиімді болашақ технологиялардың әлеуетін айқын көрсетеді.
Дәріс барысында студенттер мен оқытушылар белсенділік танытып, дәріскерлерге сұрақтарын қойып, зерттеу бағыттарының болашағын талқылауға мүмкіндік алды.