
«rEmote» жобасы «Almaty Garden Show 2025» халықаралық фестивалінде жүлделі орынға ие болды
География және туризм кафедрасының ландшафтық жобалау мамандығы бойынша білім алушы студенттері әзірлеген «rEmote» атты бақ жобасы «Almaty Garden Show 2025» халықаралық фестивалі аясында өткен «Сады начинающих» номинациясында I орынға ие болды.
Жоба жаңбыр суларын жинау және оларды тиімді пайдалану арқылы табиғи ресурстарды үнемдеуге бағытталған инновациялық жүйеге негізделген. Басты мақсат — экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғатпен үйлесімді өмір сүру ортасын қалыптастыру және тұрақты дамуға үлес қосу.
Жоба авторлары:
* Газизова Райгүл
* Зинедина Назым
* Мажитов Санжар
* Маханов Жақсылық
(ландшафтық жобалау мамандығының 4-курс студенттері)
Жетекшісі:
Хамит Алтынбек — география және туризм кафедрасының аға оқытушысы
Аталған жетістік — студенттердің кәсіби дайындық деңгейінің, шығармашылық ойлау қабілетінің және экологиялық мәселелерге деген жауапкершілігінің айқын көрсеткіші. Команданы шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!