Басты бет > Жаңалықтар > Жұбанов университеті және «ҚМГ Инжиниринг»: әріптестіктің жаңа бағыты
4
Жұбанов университеті және «ҚМГ Инжиниринг»: әріптестіктің жаңа бағыты

Жұбанов университетінің ғалымдары Атырау қаласындағы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалына іссапармен барып, мекеменің заманауи инфрақұрылымы мен зертханалық мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы жобалар талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Жұбанов университетінің доценті, т.ғ.к. Риза Оразбекова бірлескен ғылыми жұмыстар бойынша жаңа бағыттарды ұсынды. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Ғылыми-зерттеу, технологиялық және жобалау бөлімінің басшысы Нариман Сарсенбеков зертханалық мүмкіндіктерді таныстырып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізді.

Кездесу соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, алдағы уақытта бірлескен жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру бойынша келісім жасалды.