
Жұбанов университетінде Нидерланды Корольдігімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Жұбанов университетінде Нидерланды Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшілігінің халық дипломатиясы және коммуникация қызметкері Дарын Аманжанмен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылап, өз қызметтері туралы ақпаратпен алмасты.
Сонымен қатар іссапар барысында қонақ тарих факультетінің студенттерімен кездесті. Сұхбат барысында Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дипломатиялық қатынастар, экономикалық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық мәселелері талқыланды. Дарын Аманжанның Нидерландыда шетелдік студенттерге арналған оқыту бағдарламасы және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы баяндамасы студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті.