Басты бет > Халықаралық байланыстар > Ректор Конфуций институтының директорын қабылдады
4
Ректор Конфуций институтының директорын қабылдады

Жұбанов университетінің ректоры Қытай Халық Республикасы Конфуций институтының директоры Ху Гуолянмен кездесті.

Кездесу барысында білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Әсіресе студент және оқытушылар алмасу бағдарламалары, бірлескен ғылыми жобалар мен мәдени іс-шараларды жүзеге асыру бағыттарына назар аударылды.

Сонымен қатар студенттердің Қытай жоғары оқу орындарында білім алуына, ал қытайлық магистранттардың Жұбанов университетінде оқуына мүмкіндік жасалатыны айтылды. Университет түлектерінің қытайлық компанияларда тәжірибеден өтуі мен жұмысқа орналасуына жағдай жасау мәселесі де талқыланды.

Айта кетейік, Жұбанов университетінің ғимаратында орналасқан Конфуций институты Ақтөбе қаласында 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ол қытай тілін оқыту және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру арқылы өңірлік ынтымақтастыққа үлес қосып келеді.