Басты бет > Халықаралық байланыстар > Университет оқытушысы Ұлыбританияда білім саласындағы зерттеулер бойынша тәжірибе жинақтады
4
Университет оқытушысы Ұлыбританияда білім саласындағы зерттеулер бойынша тәжірибе жинақтады

Экономика және құқық факультетінің Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Жалтырбаева Рауан Серікбайқызы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының «500 ғалым» жобасы аясында «Білім саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша 10 айлық халықаралық тағылымдаманы сәтті аяқтады.

Тағылымдама Ұлыбританияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Сассекс университетінде (University of Sussex) өтті.
Оқытушымыз әлемнің үздік профессорларынан дәріс тыңдап, халықаралық тәжірибе жинақтап қайтты.

Алған білім мен тәжірибені университетімізде қолдану – негізгі мақсат. Бұл профессор-оқытушылар құрамының сапасын арттыруға ықпал етеді.

Университет ішінде ағылшын тілін жетілдіруге арналған курстан өтіп, шетелдік тағылымдаманы сәтті тәмамдаған әріптесімізді құттықтаймыз.