Басты бет > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде кадр даярлау жүйесін дамытуға арналған панельдік сессия өтті
4
Жұбанов университетінде кадр даярлау жүйесін дамытуға арналған панельдік сессия өтті

2025 жылғы 29 қыркүйекте Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Ақтөбе облысы бойынша кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасы және мамандарды кәсіби даярлау жүйесін дамытудағы жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Іс-шараны Жұбанов университеті мен Ұлттық білім беру бағдарламалары орталығы ұйымдастырды. Панельдік талқылауға Ақтөбе облысының білім басқармасы, өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждер, жұмыс берушілер, кәсіби бағдар беру мамандары, сондай-ақ «Ғылым және инновация» корпоративтік қоры мен Aqtobe IT Hub өкілдері қатысты.

Сессия барысында облыстың кадрлық қажеттілігін айқындауға бағытталған өңірлік карта таныстырылды. Спикерлер кадрлар қажеттілігін дұрыс болжаудың өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар кәсіби даярлауда жасанды интеллекттің әлеуеті кеңінен талқыланды. 

Қатысушылар пікір алмасып, кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру, өңірдің экономикалық дамуымен сабақтас кадрлық қажеттілікті тиімді жоспарлау мәселелерін талқылады.