
Университет студенті – екі дүркін әлем чемпионы!
2025 жылдың 25-30 қыркүйек аралығында Өзбекстан Республикасының Хорезм облысы, Ургеніш қаласында әмбебап жекпе-жектен (unifight) жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің әр түкпірінен келген үздік спортшылар жиналып, 18-20 жас аралығындағы мықтылар өзара бақ сынасты.
Осы жарыста еліміздің намысын қорғаған Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Азиза Салимгореева қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Бұл Азиза үшін халықаралық аренадағы алғашқы жеңіс емес – ол екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр.
Спортшымызды жетістігімен құттықтаймыз!