
«Болашақ» - болашаққа бағдар
Бүгін Жұбанов университетіне “Болашақ” халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасының орынбасары келіп ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде университет оқытушылары мен студенттеріне халықаралық бағдарламаның магистратура, резидентура, докторантура оқу деңгейлері бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді.
Құжат қабылдауды ұйымдастыру басқармасының басшысы үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары мен мерзімін түсіндірді.
Кездесу сұрақ-жауаппен қорытындыланды.