Басты бет > Жаңалықтар > Білім беру саласындағы психикалық денсаулық мәселелеріне назар аударылды
4
Білім беру саласындағы психикалық денсаулық мәселелеріне назар аударылды

10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Жұбанов университетінде «Білім беру саласының қатысушыларының психикалық денсаулығын қолдау: психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және менторлардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында білім алушыларды жан-жақты қолдау жүйесін дамыту және мамандардың кәсіби өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды.

Университет түлегі, “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Медеухан Жасажанова қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға арналған заманауи тәсілдерді таныстырды.

Денсаулық және салауаттылық орталығының жетекшісі Анна Гниденко университет психологтары әзірлеген күрделі жағдайларды шешу алгоритмімен бөлісті.

Шара соңында қатысушыларға психологиялық жаттығулар ұсынылып, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Мұндай кездесулер білім беру үдерісінің қатысушыларының психикалық саулығын қолдауға бағытталған тұрақты жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.