
Адалдық - академиялық мәдениеттің өзегі
14 қазан күні сыбайлас-жемқорлыққа қарсы комплаенс кеңсесінің қызметкерлері жаратылыстану факультеті және физика-математика факультетінің 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім алушылар арасында академиялық адалдық пен этикалық нормаларды насихаттау.
Кездесу барысында комплаенс кеңсесінің жетекшісі Дархан Мусюров студенттерге академиялық адалдық қағидаттары, этикалық кодекстің талаптары және университетте қолайлы, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы туралы айтты. Сонымен қатар, харассмент пен буллинг жағдайларына бейжай қарамауға, мұндай және өзге де күмәнді жайттар орын алған жағдайда комплаенс кеңсесіне немесе сенім телефонына хабарласуға шақырды.
Сенім телефоны +7 707 737 19 35
Жұбанов университеті ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстана отырып, академиялық адалдық мәдениетін дамытуда жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі таңда университет жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тиісті шараларды жүзеге асыратын маңызды алаңға айналып отыр.