Басты бет > Жаңалықтар > Оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған викторина өтті
4
Оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған викторина өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен Ұлттық құрылтай отырысында: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген болатын.

Осы бағытта жүзеге асып жатқан «100 кітап» жобасы аясында Жұбанов университетінде студенттер мен оқырмандар арасында викторина ойыны ұйымдастырылды.

Қатысушылар “100 кітап” тізіміне енген әдеби шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімін сынап, шағын сыйлықтарға ие болды.

Шара жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға серпін берді.