Басты бет > Халықаралық байланыстар > Түркі тілдес елдерді біріктірген көрме
4
Түркі тілдес елдерді біріктірген көрме

«Шектеусіз шабыт» халықаралық көрмесі аясында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің жас дизайнерлері мен шығармашылық мамандары Жұбанов университетіне келді.

Көрме барысында қатысушылар графикалық дизайн, сәулет, өнер және заманауи технологиялар бағыттарындағы өз жобаларын ұсынды. Олардың қатарында арт-объектілер, фотожұмыстар, 3D-модельдер, сондай-ақ VR/AR және цифрлық өнерге арналған интерактивті аймақтар бар.

«Біз түркі елдерінің ортақ мәдениетін жоғалтпауымыз керек. Осындай халықаралық жобалар жалғасын табу үшін жастарымызға шабыт беріп, қолдау керек. Бұл жолда Жұбанов университетімен бірнеше жылдан бері бірлескен жұмыстар атқарып келеміз»,- деді Өзбекстаннан келген делегация өкілі. 

Көрме соңында «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері әзірлеген этностильдегі «Этно-Fashion» сән көрсетілімі ұсынылып, қонақтар мен қатысушылар көрме алаңын тамашалады.