Басты бет > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің 90 жылдығына арналған пошталық марка айналымға енгізілді
4
Жұбанов университетінің 90 жылдығына арналған пошталық марка айналымға енгізілді

2025 жылдың 17 қазанында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған пошталық марка ресми түрде айналымға енгізілді.

Жаңа пошталық марка — еліміздің жоғары білім беру саласындағы тарихы терең, іргелі оқу орнының мәртебесін айшықтайтын ерекше мәдени нышан. Марка дизайнында университеттің бас ғимараты мен эмблемасы бейнеленіп, білім ордасының дәстүрі мен заманауи келбеті көрініс тапқан.

Марка «Қазпошта» акционерлік қоғамы тарапынан әзірленіп, Қазақстанның барлық өңірлерінде қолданысқа енгізілді. Бұл бастама — университеттің 90 жылдық мерейтойына орай білім мен ғылым саласындағы аймақтық жетістіктерді дәріптеуге бағытталған.