
Кәсіби бағдар берудің жаңа мүмкіндіктері: мектеп пен университет арасындағы байланыс
16 қазан күні Ақтөбе облысының кәсіби бағдар мамандарының кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – облыстағы кәсіби бағдар беруші мамандардың тәжірибе алмасуына, жаңа әдістемелер мен психологиялық тәсілдерді меңгеруіне жағдай жасау, оқушыларды болашақ мамандықты саналы және мақсатты таңдауға бағыттау жүйесін жетілдіру, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында қатысушыларға кәсіби бағдар берудің заманауи тәсілдері таныстырылып, сарапшылар практикалық кеңестерін бөлісті.
Сонымен қатар, Heriot-Watt University кампусы ұсынатын білім беру мүмкіндіктері бойынша ақпарат беріліп, инженерлік бағыттар бойынша зертханалық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Денсаулық және салауаттылық орталығының жетекшісі Анна Гниденко практикалық тренинг өткізіп, кәсіби таңдаудағы ішкі мотивация мен өзін-өзі танудың маңызын атап өтті.
Аталған іс-шара кәсіби бағдар берудің маңыздылығын айқындап, 200-ге жуық сала мамандарының өзара тәжірибе алмасуы мен жаңа әдістемелерді меңгеруіне мүмкіндік болды.
Кездесу соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.