Басты бет > Білім > Heriot-Watt University студенттері – жергілікті мектептердің мақтанышы
4
Heriot-Watt University студенттері – жергілікті мектептердің мақтанышы

Heriot-Watt University Ақтөбе кампусына биылғы оқу жылында түскен студенттердің қатарында шетелден келген жастармен бірге өңіріміздегі мектептердің үздік түлектері де бар.

Халықаралық деңгейдегі білім ордасын таңдаған талапкерлер өз салаларында ағылшын тілінде білім алып, оқу аяқталған соң Heriot-Watt және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қос дипломына ие болмақ.

Осыған орай университет өкілдері білімді шәкірттерді тәрбиелеген қаладағы бірқатар мектептерге арнайы барып, мектеп директорларына ректордың алғыс және құттықтау хаттарын табыстады.

Мектеп басшылары өз кезегінде университетке ілтипаттарын білдіріп, түлектерінің халықаралық деңгейде білім алу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштарын жеткізді. Сондай-ақ, Ұлыбританияның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Heriot-Watt University-дің дәл Ақтөбеде ашылуы өңірдің білім беру кеңістігі үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

Инженерия, энергетика және бизнес саласында әлемдік беделге ие университет бүгінде өңір жастарына халықаралық сападағы білім алуға мүмкіндік беріп отыр.