
Зерттеушілерге арналған заманауи стратегиялар
Анадолу университетінің профессоры, доктор Семра Гюнай өткізген “Leaving an Academic Legacy: From Project Proposal to Publication Strategies in Prestigious Journals” атты ғылыми-әдістемелік семинар жас зерттеушілер үшін ерекше тәжірибе алаңына айналды.
Семинар барысында профессор ғылыми жобаны идеядан халықаралық басылымға дейін жеткізудің толық циклін көрсетті:
— жоба тұжырымдамасын қалыптастыру;
— тиімді ұсыныс жазу қағидалары;
— мақаланы беделді журналға дайындау және жариялау кезеңдері;
— ғылыми этика мен рецензиялау үдерісіне дайындық.
Тәжірибелі ғалымның айтуынша, зерттеу жұмысының құндылығы тек идея мен нәтижеде емес, оны дұрыс рәсімдеп, ғылыми қауымдастыққа ұсынуда. Ал бұл — қазіргі зерттеуші үшін басты бәсекелік артықшылық.
195 ғылыми мақала мен 36 жоба авторы ретінде Семра Гюнай қатысушыларға ғылыми менеджмент пен халықаралық ынтымақтастықтың маңызын нақты мысалдармен жеткізді.
Семинарға университеттің профессор-оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысып, тәжірибелік кеңестер мен болашақ жобалар бойынша келісімдер жасады.
Бұл іс-шара жас ғалымдар үшін академиялық жазу мәдениетін жетілдіруге, халықаралық ғылыми ортаға интеграциялануға және зерттеу сапасын арттыруға бағытталған маңызды платформа болды.