Басты бет > Құттықтаймыз > Жұбанов университетінің студенті чемпион атанды
4
Жұбанов университетінің студенті чемпион атанды

Дәулет Төлемісов - бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының жеңімпазы! 

Оның жеңісі - Ақтөбе боксындағы маңызды жетістік. Ол тарих жаңартып, өңіріміздің атын 14 жылдан кейін қайтадан жеңіс тұғырынан көрсетті. 

Дәулет - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының 4-курс студенті. 

Бұған дейін Дәулет сәуір айында Бразилияда өткен Әлем кубогында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, алтын медаль иеленді. 

Спортшымыздың әрдайым биіктен көрінуіне тілектеспіз!