Бірлік пен рух мерекесі - Республика күні!
Тарихы терең, тағылымы биік ел үшін елеулі күнге орай университетте мерекелік концерт өтті.
Ұлық мерекені ұлықтап, жастар арасында отаншылдықты насихаттаған іс-шараға университет әкімшілігі, оқытушылық құрам мен студенттер қатысты.
Іс-шарада Жұбанов университетіне қолдау білдіріп, дамуына өз үлесін қосып жүрген бірқатар ел азаматтары Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасованың Алғыс хатымен марапатталды.
Ғылым жолында еңбек етіп, еліміздің білім және ғылым саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар оқытушылар:
* “Ахмет Байтұрсынұлы”, ”Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін”, ”Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгілерімен;
* ”Тіл жанашыры”, “Ғылым үздігі”, “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі” Құрмет дипломдарымен;
* Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, оқу мен қоғамдық өмірде үздік нәтижелерге қол жеткізіп, университет мәртебесін биіктетіп жүрген студенттерге Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасованың Алғыс хаттары табысталды.