Математикадағы хаос пен тұрақсыздық: Марат Ахмет дәрісі
Түркияның Таяу Шығыс техникалық университетінің профессоры, Қазақстандық ғалым, математика ғылымдарының докторы Марат Ахмет физика-математика факультетінің студенттері мен оқытушыларына “The Uncertainty principle for ultra Poincare and Lorenz chaos” тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
Дәрісте профессор математикадағы динамикалық жүйелерде болатын тұрақсыздық, хаос режиміне жан-жақты тоқталды. Оның осы алаңдағы зерттеулері нәтижесінде 2024 жылы «Ultra Paincare chaos and alpha labeling» атты кітабы жарық көрген.
Ғалым 1998 жылдан бері Түркия Республикасында ғылыми қызметпен айналысып келеді. Еңбек жолында Канададағы Ваттерлоо және Франциядағы Ла-Рошель, Сауд Арабиясындағы король Фахд мұнай және пайдалы қазбалар университеттерінде оқытушылық қызмет атқарған. Математика теорияларының новаторы ретінде танылған Марат Ахмет 2015 жылы Түркияның жоғары ғылыми наградасын иеленген.
Профессордың ғылыми еңбектері мен тәжірибесі болашақ ғалымдар мен оқытушылар үшін тағылым мектебі болды.