Интеллект пен әділдік айнасы - Zhubanov CUP VII
Университеттің 90 жылдық мерейтойына орай дәстүрлі республикалық «Zhubanov CUP VII» пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті.
«Әділетті қоғамның тірегі – адалдық» тақырыбындағы турнирдің басты мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар арасында интеллектуалдық әлеуетті арттыру, сыни және аналитикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық мәселелерді талқылау арқылы азаматтық белсенділікті нығайту және әділетті қоғам құндылықтарын дәріптеу.
Шараға қатысқан Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Әлиасқар Отарбай, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалин, қалалық жастар ресурстық орталығы басшысы Әлішер Садық, “Жастар рухы” ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Әлішер Өнерұлы, университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Нарқозы Қартжан алғы сөз сөйлеп, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.
Қазақстанның жоғары оқу орындарынан турнирге тіркелген 50-ге жуық команда өздерінің шешендік өнері мен дәлелдік мәдениеті арқылы жеңіске жету үшін екі күн бойы сынға түседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 100 000 теңгені құрайды.
«Zhubanov CUP VII» — бұл жастардың азаматтық ұстанымын, жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын ұлықтайтын, «Заң және Тәртіп» идеясына негізделген зияткерлік алаң.