Басты бет > Жаңалықтар > Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусында ағылшын тілі бойынша тегін емтихан өтті
4
Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусында ағылшын тілі бойынша тегін емтихан өтті

Британдық Heriot-Watt University еліміздің батыс өңіріндегі жастарға әлемдік деңгейде білім алуға мүмкіндік ұсынып отыр. Бүгін Ақтөбе қаласындағы университет кампусында ағылшын тілі бойынша тегін емтихан өткізілді.

Шетелде білім алуға ниетті 60-қа жуық талапкер емтихан барысында өз деңгейін сынап, кампус оқытушыларынан оқу бағдарламалары мен мамандықтар туралы толық ақпарат алды.

Heriot-Watt University Ақтөбе кампусында келесі бағыттар бойынша қабылдау жүргізілуде:
– Мұнай инженериясы және энергоменеджмент
– Электр энергетикасы
– Компьютерлік инженерия

Бұл емтихан — IELTS сертификаты жоқ немесе жарамдылық мерзімі өткен талапкерлерге арналған балама мүмкіндік. Емтихан нәтижесімен қоса, Heriot-Watt университетіне түсу үшін ҰБТ сертификаты да талап етіледі.