Креативті индустрияны дамытудың жаңа бағыттары ұсынылды
Экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналған креативті индустрия тақырыбы «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының кезекті шығарылымында талқыланды.
Шығарылымда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері креативті саланы дамыту бойынша пікір бөлісіп, өз көзқарастарын білдірді.
Жұбанов университетінің пікірсайысшылары креативті индустриядағы басты ресурс адамның шығармашылығы мен идеясы екенін атап өтіп, оны өңірлерге бөлудің тиімді еместігін дәлелдеді. Команда бірыңғай шығармашылық экожүйе қалыптастыруды, Креативті индустрия агенттігін құруды, сондай-ақ «Креативті экономика туралы» заң қабылдауды ұсынды. Сонымен қатар, 2025–2035 жылдарға арналған Креативті индустрияларды дамыту бағдарламасын әзірлеу және жастар жобаларына мемлекеттік қолдауды күшейту жөнінде бастама көтерді.
Тартысты пікірсайыс нәтижесінде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің командасы жеңімпаз атанды.