Басты бет > Білім > Өндіріспен үздіксіз байланыс — сапалы білім кепілі
4
Өндіріспен үздіксіз байланыс — сапалы білім кепілі

Университет ректоры Лаура Қарабасова “Ақтөбе хром қосындылары зауыты” АҚ бас директоры Валерий Иванович Гриненкомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ғылым мен өндіріс саласындағы өзара ынтымақтастықты тереңдету, жастарды жұмыспен қамту және дуальды білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Валерий Гриненко студенттерге теориялық және практикалық білімді ұштастыра отырып оқытудың маңыздылығын және бұл бағытта университеттің ғылыми және материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында зауыттың жетекші технолог мамандары университет студенттеріне өндірістік бағыттағы қосымша дәрістер өткізуге дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу соңында екі тарап өкілдері өзара әріптестікті одан әрі дамыту және болашақ өндіріс мамандарын сапалы даярлау бағытында бірлескен іс-қимыл жоспарын айқындады.