Жұбанов университетінің студенттері «Tomiris» жобасына қатысты
Жұбанов университетінің экономика және құқық факультетінің студенттері Әлфия Ешмұхан мен Гауһар Исмагулова “AMANAT” партиясы жанындағы Әйелдер қанаты және Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған “Tomiris” жобасына қатысып, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін танытты.
Олар іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Астанада өткен республикалық финалға жолдама алды. Финалда студенттер өз жобаларын қорғап, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылармен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, 2025 жылдың 3–5 қараша аралығында өткен “Әйелдердің саяси көшбасшылығы” атты арнайы оқыту курсын табысты аяқтады.
Аталған бағдарлама заманауи әйел көшбасшыларын қалыптастыруға, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына және өз ойын ашық әрі еркін жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Білім алушылардың әлеуметтік және саяси саладағы белсенділігі — еліміздің дамуына қосылып жатқан маңызды үлес.