Таза Қазақстан: жастардың рөлі
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған «Цифрлық Таза Қазақстан» форумы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық сана қалыптастыру, табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударту, сондай-ақ қоғамдық тазалықты сақтаудың маңызын кеңінен түсіндіру.
Форумға Ақтөбе қаласының орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Шара барысында қатысушыларға «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, экологиялық бастамаларды цифрлық шешімдер арқылы қолдау жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, форум қатысушыларына экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ақпараттық сессиялар, бейнероликтер мен “Smart Bin” ақылды қоқыс жәшігі таныстырылды.
Бұл бағытта Жұбанов университетінде белсенді студенттерден құралған Экожасақ және факультеттер жанындағы экологиялық ұйымдар белсенді жұмыс істеп келеді. Олар қайта өңделетін қоқыстарды жинау және сұрыптау сияқты түрлі экологиялық бастамалармен айналысады. Сонымен қатар, апта сайын өткізілетін “Таза бейсенбі” тазалық акциясы аясында кампус аумағы мен аудиторияларда тазалық жұмыстары жүргізіледі.