AMANAT CUP XXIII: Жұбановшылар үздіктер қатарында
“AMANAT” партиясының “Жастар Рухы” жастар қанаты ұйымдастырған дәстүрлі “AMANAT CUP” XXIII республикалық пікірсайыс турнирінде Жұбанов университетінің командасы екі лигада жүлделі 3-орын иеленді.
Университет атынан додаға түскен Батыржан Сапарғали мен Асхат Есенов ашық лигада, Аяулым Сайлауова мен Нұрай Нұртас студенттік лигада білімі мен шешендік қабілеттерін тағы бір мәрте дәлелдеп, озық ой, өткір пікірлерін ортаға салып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Астана қаласында өткен турнирге еліміздің 17 облыс, 3 қаласынан барлығы 60 команда сынға түскен. Мұндай тартысты алаңда жоғары нәтижеге қол жеткізу - Жұбанов жастарының зияткерлік әлеуетінің айқын көрінісі.