Басты бет > Халықаралық байланыстар > Жұбанов университетінің экслибристері Болгариядан жеңіспен оралды!
4
Жұбанов университетінің экслибристері Болгариядан жеңіспен оралды!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің білім алушылары мен профессор-оқытушы, доктор Марзия Жақсығарина «Неофит Рильский» Оңтүстік-Батыс университетінің Ұлттық студенттік өнер фестиваліне арнайы қонақ ретінде шақырылды. 

Фестиваль аясында Болгарияның ірі жоғары оқу орындары мен Жұбанов университетінің студенттерінің қатысуымен көрме байқауы өткізілді. 
Көрме жұмыстарын бағалаған халықаралық қазылар Жұбановшылардың еңбектеріне жоғары баға берді. Байқау нәтижесінде университетіміздің білім алушылары жүлделі орындарға (1 орын – 6 студент, 2 орын – 10 студент, 3 орын – 14 студент) ие болып, жалпы есепте 61 марапат иеленді.

Академиялық ұтқырлық аясында профессор Марзия Жақсығарина «Неофит Рильский» Оңтүстік-Батыс университетінде «Экслибрис – меншік белгісі» атты дәріс оқып, экслибрис жасау бойынша воркшоп өткізді. Сондай-ақ, 152 жұмыстан тұратын жеке экслибрис көрмесін және 155 студенттік экслибрис жұмыстарының көрмесін ашты. Бұдан бөлек, студенттердің графикалық дизайн, кітап иллюстрациясы, сән дизайны және сәулет бағытындағы жобалары ұсынылды.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің көрме жұмыстары академиялық әріптестік пен құрмет белгісі ретінде «Неофит Рильский» Оңтүстік-Батыс университетіне сыйға тартылды.

Профессор, доктор Эмил Куков аталған көрме және Марзия Жақсығаринаның воркшопы мен дәрісі туралы фильм түсірді. Фильмді «Неофит Рильский» Оңтүстік-Батыс университетінің YouTube арнасынан, ресми сайтынан және Facebook парақшасынан көруге болады.