Басты бет > Жаңалықтар > Шығармашылық көпір: шетелдік суреткер көрмесі
4
Шығармашылық көпір: шетелдік суреткер көрмесі

Жұбанов университеті мен М.Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті арасындағы  ғылыми-шығармашылық ынтымақтастық аясында сәулет ғылымдарының докторы, профессор Сұлтанова Дилшода Намазқызының халықаралық жеке көрмесі өткізілді. Шара университеттің мәдени-рухани өмірін жандандыруға және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталды.

«Шығармашылық әлемі» атты көрмеге профессордың туындылары ұсынылып, авторлық еңбектері мен жинақтары университет кітапханасына табыс етілді. 

Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен білім алушылар қатысты. Басқарма мүшесі, Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров көрме авторына шығармашылық табыс тілеп, мақтау қағазы мен естелік сый-сыяпат табыстады.

Көрме халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, шығармашылық тәжірибе алмасуға және студенттердің эстетикалық танымын кеңейтуге септігін тигізді.