Басты бет > Халықаралық байланыстар > Түрколог-ғалым жас зерттеушілермен кездесті
4
Түрколог-ғалым жас зерттеушілермен кездесті

Жұбанов университетінің қолдауымен Түркия Республикасы Кастамону университетінің профессоры Орхан Сөйлемез Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде қонақ дәрісін өткізді.

Орхан Сөйлемез филология факультетінің магистранттары мен докторанттарына дәріс беруге Түркиядан арнайы келген, қазақ әдебиетіне жан-жақты зерттеу жасаған түрколог-ғалым.

Кездесу барысында профессор Орхан Сойлемез қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихы, түркі халықтары әдебиеттерінің өзара байланысы жөніндегі зерттеулері мен Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Құдайберген Жұбанов, Әбіш Кекілбаев сияқты тұлғалардың мұрасын зерттеудегі еңбектеріне шолу жасады. Сонымен қатар, Қазақстанмен академиялық байланыс орнату тәжірибесін бөлісіп, қазақ әдебиетінің ғылымдағы және әлемдік әдебиет кеңістігіндегі рөліне тоқталды.

Іс-шараға Жұбанов университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Обаева мен  теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының докторанты Есім Кеңесов қатысып, кездесудің мазмұнды әрі ғылыми бағытта өтуіне үлес қосты.

Мектеп-лицей оқушылары өз кезегінде ғалымның еңбектері және қазақ әдебиетінің даму үрдістері бойынша сұрақ қойып, ғылыми жұмыстарды жазу және жариялау бойынша пікір алмасты. 

Түрколог-ғалымның дәрісі жас зертеушілер мен оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейтіп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.