Жартылай финалға жолдама
Жұбанов университетінің пікірсайысшылар командасы «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жартылай финалына өтті.
Биылғы маусымның таңдаулы қатысушыларын біріктірген жобада жартылай финалға өткен үздік 4 команда қатарында Жұбанов университетінің білім алушылары да бар.
Интеллектуалды додаға қатысушылар тек білімнің тереңдігін ғана емес, сонымен қатар ұтымды сөйлеу мәдениетін, логикалық тұжырымдар жасау және қоғамдағы мәселелерге сыни талдау жасау қабілетін көрсетті.
Пікірсайысшыларымыздың жартылай финалға шығуы – олардың күрделі әлеуметтік-саяси, тарихи және мәдени тақырыптар бойынша терең білімдері мен дайындықтарының нәтижесі, зияткерлік әлеуетінің көрсеткіші.
Алдағы кезеңде университет командасы ақтық кезең - финалға жолдама алу үшін бақ сынайды. Білім алушыларымызға сәттілік тілейміз!