Басты бет > Жаңалықтар > Халықаралық сарапшылар бірқатар білім беру бағдарламаларына сыртқы бағалау жүргізді
4
Халықаралық сарапшылар бірқатар білім беру бағдарламаларына сыртқы бағалау жүргізді

3-4 желтоқсан күндері Халықаралық ASIIN агенттігінің сарапшылары физика-математика факультетінің 10 оқу бағдарламасын аккредитациялау мақсатында сыртқы бағалау жүргізді. 

Сараптама барысында оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және білім беру сапасына жан-жақты талдау жүргізіліп, физика және математика білім беру бағдарламалары жеке кластер ретінде қарастырылды. Әр кластер құрамында Германияның Фехта және Лейбниц университеттері, Регенсбург қолданбалы ғылымдар университеті, Кобленц қолданбалы ғылымдар университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдерінен құрылған 3 шетелдік және 2 қазақстандық топ болды.

Халықаралық аккредитациядан өту үшін сараптама жасалған білім беру бағдарламалары:
•    6B01512 – Физика (педагогикалық бағыт)
•    6B05301 – Физика 
•    7M01502 – Физика (педагогикалық бағыт)
•    7M05301 – Физика
•    8D05301 – Физика
•    6B01501 – Математика
•    6B05401 – Математика
•    7M01501 – Математика
•    7M05401 – Математика
•    8D05401 – Математика
Сонымен қатар, халықаралық сарапшылар білім алушылармен, кафедра оқытушыларымен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесіп, оқу бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған маңызды мәселелерді талқылады.