Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусына оқуға түсу үшін ағылшын тілінен емтихан өтті
Жұбанов университетінің базасында британдық Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін кезекті AET ағылшын тілі емтиханы өткізілді. Бұл емтиханға 100-ден астам адам қатысты.
AET – тегін тілдік емтихан, ол IELTS сертификаты жоқ немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған талапкерлер үшін өткізіледі. Сонымен қатар, Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына түсу үшін ҰБТ сертификатының болуы міндетті.
Heriot-Watt университетінде үш мамандық бойынша студенттерді қабылдау жүргізілуде:
«Мұнай инженериясы және энергия менеджменті»
«Электроэнергетика»
«Компьютерлік инженерия».
Келесі ағылшын тілі емтиханы 12 желтоқсан күні, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 мекенжайында өтеді.