Білім мен шығармашылық интеграциясы: дарынды жастардың жеңісі
Білім беру кеңістігінде жастардың түрлі саладағы әлеуетін дамытудағы маңызды тетік – олардың таланты мен дарынын қолдап, жетістіктерін дәріптеу.
Осы бағыттағы қолдау шаралары аясында университет ректоры Лаура Қарабасова республикалық, халықаралық деңгейдегі зияткерлік, шығармашылық және спорттық сайыстарда бақ сынап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген білім алушылармен кездесті.
Кездесу барысында ректор жеңімпаз жастардың жетістіктерін ерекше атап өтіп, олардың белсенділігі мен таланттары жоғары бағаланатынын, табандылығы мен еңбектері кәсіби даму жолында септігін тигізетінін айтты.
Білім алушылар өздерінің жарыс жолындағы тәжірибелері мен алдағы жоспарларын бөлісті. Сонымен қатар, университет тарапынан жасалған мүмкіндіктер мен қолдау шараларының өздерінің дамуына оң әсер еткенін айтып, алғыстарын білдірді.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, білім мен шығармашылықты ұштастыруға бағытталған жаңа бастамалар талқыланды.