Жұбанов білім алушысы жас ақындар айтысында топ жарды
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы ұйымдастырған I республикалық жас ақындар айтысында университеттің 1-курс білім алушысы Арай Нұрадин бас жүлдеге ие болды.
Алматы қаласында өткен байқауда еліміздің 10 облысынан жиналған 14 ақынның арасынан үздік деп танылған “Жас қаламгер” студенттік клубының мүшесі Арай Нұрадин диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Жұбановшылардың жеңіс тұғырынан көрінуі - еңбек пен білімнің, ізденіс пен ұмтылыстың нәтижесі. Ал жастардың дарынын шыңдап, түрлі бағыттағы бастамаларына қолдау білдіру - университеттің басты бағыттарының бірі.