Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті
Университетте “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл” халықаралық акциясы аясында әйелдер мен қыздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық семинар өтті.
Шара барысында облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, қалалық мәслихат депутаты Кульпаршин Айдарханова гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар ұсынатын қолдау механизмдері туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Гүлдана Баймбетова білім алушыларға практикалық кеңестер ұсынып, нақты жағдайларға негізделген статистикалық мысалдар арқылы құқықтық сауаттылықтың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда жасалу керек әрекеттер тізбегін түсіндірді.
Семинар жастардың гендерлік зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік мәдениетін дамытуға ықпал етті.