Zhubanov дебат лигасының үздіктері анықталды
Университеттегі пікірсайыс ұйымдары арасында өткен “Zhubanov” дебат лигасының II маусымы өз мәресіне жетті.
Дәстүрге айналған пікірсайыс турниріне 36 фракция, 100-ден астам білім алушы қатысып, оларға 20 төреші қазылық етті.
Биылғы маусымда қатысушылар альфа және бета санаттарына бөлініп, әр санат бойынша жеңімпаз фракциялар мен үздік спикерлер анықталды.
Білім алушылардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және аналитикалық дағдыларын дамытуға бағытталған пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.