Шығармашылық сала қызметкерлерінің кәсіби әлеуеті көтерілді
Мәдени-тынығу саласының қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсының қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Аталған курсты Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Кәсіби-шығармашылық факультеті мен «Zhiger» – Үздіксіз білім беру инновация орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Оқыту бағдарламасы мәдениет үйі, концерттік орталықтар және шығармашылық саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Курс мазмұны тұлғаның бос уақытын ұйымдастыру барысында рухани-адамгершілік құндылықтарын, эмоционалдық-эстетикалық және зияткерлік әлеуетін дамыту қажеттілігіне негізделген.
Курс 13 қазан мен 2 желтоқсан аралығында онлайн және офлайн форматта өткізілді. Оқу жүктемесінің көлемі – 116 сағат.