Басты бет > Халықаралық байланыстар > Академиялық ұтқырлық және бірлескен зерттеулер – халықаралық кездесудің басты тақырыбы
4
Академиялық ұтқырлық және бірлескен зерттеулер – халықаралық кездесудің басты тақырыбы

Қытай Халық Республикасының Синьцзян қаржы және экономика университетінің өкілдерімен халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған кездесу өтті. 

Кездесуде өзара ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлық аясын кеңейту және ғылыми-зерттеу бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сапар аясында делегация мүшелері Экономика және құқық факультеті мен Конфуций институтының қызметімен танысты. Қонақтар университеттің қытай тілін оқыту жүйесіне, гуманитарлық байланыстарды нығайту және халықаралық білім беру тәжірибесін кеңейту бағытындағы жұмыстарына ерекше қызығушылық танытты.

Қазіргі таңда Синьцзян қаржы және экономика университетінің 8 студенті мен 7 магистранты академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жұбанов университетінде оқып жатса, университеттің 5 студенті Қытай Халық Республикасында білім алуда.