Басты бет > Жастар саясаты > Зияткер жастар жеңіс тұғырынан көрінді
4
Зияткер жастар жеңіс тұғырынан көрінді

Университеттің пікірсайыс қозғалысының белсенді өкілдері Асхат Есенов пен Батыржан Сапарғали «Азамат» интеллектуалды бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді. 

Жартылай финал кезеңінде пікірсайысшылар “Жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырудың жолдары” тақырыбы төңірегінде ой жарыстырып, өз ұстанымдарын теориялық тұжырымдар мен мысалдар негізінде жүйелі түрде қорғады. 

Республикалық пікірсайысқа еліміздің 100 жоғары оқу орны арасынан іріктелген 32 команда қатысып, өзара бақ сынады. Пікірталас барысында қатысушылардың аналитикалық ойлау қабілеті, сыни талдау дағдылары, дәлелді аргументация жүргізу мәдениеті және қоғамдық-саяси процестерге қатысты көзқарастары бағаланды. 

Пікірсайысшыларымызды құттықтаймыз!