Студенттік өзін-өзі басқару: болашақ көшбасшылар алаңы
Университетте студенттік бастамаларды қолдау және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру аясында Басқарма төрағасы – Ректор Лаура Қарабасова белсенді білім алушылармен кездесті.
Кездесуде Студенттік парламент президенті 2025 жылы жүзеге асқан “Таза бейсенбі”, “Ұлттық сезім”, “Campus Wave” жобаларының нәтижелерімен таныстырып, белсенді студенттер санының 15%-ға артқанын атап өтті.
Ректор білім алушылардың азаматтық белсенділігі мен көшбасшылық әлеуетін жоғары бағалап, университет өміріне белсене араласқан үздік студенттердің ата-аналарына Алғыс хаттар табыстады.