Ғылыми әлеует және білім беру сапасы: Жұбанов университетінің қорытынды есебі
Жұбанов университетінде 2025 жылдың қорытынды есебіне арналған ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Шара барысында Басқарма төрағасы - Ректор Лаура Қарабасова университеттің 2025 жылғы қызметі туралы есеп берді. Оқу орнының білім сапасын және ғылыми әлеуетін дамыту бағытында жасалған нақты қадамдармен және олардың нәтижелерімен таныстырды.
Профессор-оқытушылар құрамы сапасының және ғылымды қаржыландыру көлемінің артуы, академиялық ортаның қозғаушы күші — адами капиталға қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда қызметкерлердің жалақасының өсуі, ғимараттарға жүргізілген реновация мен материалдың-техникалық базаның жаңартылуы – атқарылған жұмыстардың айқын көрінісі.
Ғылыми кеңеске қатысқан өңірлік кәсіпорындар мен серіктестік басшылары университеттің сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы құзыреті мен сапасын, Heriot-Watt кампусының өңірдің инженерлік әлеуетін арттырудағы үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы аясында университеттің инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталды.