Басты бет > Құттықтаймыз > Университетіміздің оқытушылары – елдің үздіктері қатарында
4
Университетіміздің оқытушылары – елдің үздіктері қатарында

«2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы бойынша еліміздің 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Байқауға Қазақстанның 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысқан.

Жеңімпаздар қатарында университетіміздің профессор-оқытушылар құрамынан 6 оқытушы бар. Атап айтқанда:
Адманова Гүлнұр Болатовна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
Бекбауова Алтыншаш Упуовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
Жұмағалиев Ерлан Ұланович – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры;
Мынбаева Сандуғаш Табылдиевна – PhD, қауымдастырылған профессор;
Әбдірашит Асылбек Мирамханұлы – PhD, техникалық факультет деканының орынбасары;
Уахитова Багдагүл Төлеуовна – PhD, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі.

Бұл жетістік университетіміздің ғылыми әлеуеті мен оқытушылар еңбегінің жоғары деңгейін көрсетеді. Аталған атақ иегерлеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кәсіби біліктілігін арттыруға және жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.

Жеңімпаз әріптестерімізді құттықтай отырып, келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын дейміз!