Басты бет > Жаңалықтар > 2026 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер талқыланды
4
2026 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер талқыланды

Бүгінгі аппарат жиынында 2026 жылға арналған негізгі бағыттар мен міндеттер талқыланды. Күн тәртібінде жоғары білім беру сапасын арттыру, ғылыми экожүйені дамыту, цифрландыру және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Шараға басқарма мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысты.

Жиында білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттарға сәйкестендіру, халықаралық серіктестікті нығайту, студенттік инфрақұрылымды жақсарту, ғылыми жобаларды коммерциализациялау және инфрақұрылымды жаңарту, жасанды интеллект бағытындағы «AI-Sana» бағдарламасын енгізуді жалғастыру міндеттері қаралды. Сондай-ақ цифрлық білім беру платформаларын дамыту, оның ішінде ChatGPT Education жобасын іске асыру және қазақ тілін дамытуға арналған IT бастамаларды арттыру жұмыстары талқыланды.

Аталған міндеттер университеттің академиялық және ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, кадрлық ресурстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.