Басты бет > Халықаралық байланыстар > Шетелдік ғалым дәріс оқуда
4
Шетелдік ғалым дәріс оқуда

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне  Шандун университетінен (Кытай) PhD  Мамиркулова Гулнара Махмутовна келді. Ол қаңтар айының 12-сі мен 25-і  аралығында, Экономика және құқық факультеті, «Мемлекеттік  басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасының 6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04104- «Қаржы», 6В04103-«Есеп және аудит» ББ бойынша 2 курс  және 7М04104-«Қаржы» ББ бойынша 1 курс магистранттарына  дәріс, практикалық сабақтар өткізіп және профессор-оқытушылар құрамымен іс-тәжірибесімен бөліседі.

Г.М.Мамиркулова экономика, туризм және тұрақты даму саласындағы 10-нан астам ғылыми жұмыстардың, соның ішінде халықаралық деректер базасында индекстелетін рецензияланатын журналдарда жарияланымдардың авторы. "Kybernetes", "Global Ecology and Conservation" және "Journal of Biomedical Informatics"журналдарында ғылыми жұмыстары жарияланған. Scopus-тағы Хирш индексі 5. Шандун провинциясының жаратылыстану ғылымдары қорының грант конкурсының жеңімпазы. Халықаралық конференцияларда үнемі баяндамалар жасайды (мысалы, International Symposium on Nature-based Interventions and Public Health, 2025; International Business Information Management Association Conference, 2019).

Г.М.Мамиркулованың ғылыми профилі экономиканың, туризмді басқарудың, тұрақты дамудың және халықаралық деңгейде танылған деректерді талдаудың қиылысындағы пәнаралық зерттеулермен сипатталады.