Басты бет > Жаңалықтар > Жасыл кампус: өңделген қалдықтар көрмесі
4
Жасыл кампус: өңделген қалдықтар көрмесі

Университет жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен қоғам игілігі үшін қызмет ететін саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызды әлеуметтік институт ретінде өз миссиясын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз», - деп атап өткен болатын. Бұл тұжырым қазіргі таңда білім беру ұйымдарының тәрбиелік қызметіндегі басым бағыттардың біріне айналып отыр.

Осы бағытта университетте  «Жасыл кампус» бастамасы аясында пайдаланылған қалдық материалдардан жасалған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында студенттер әлемге танымал суретшілердің әйгілі картиналарын қайта өңделген қалдық материалдар арқылы жаңаша форматта ұсынды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жасыл кампус құру, жастар арасында «Таза Қазақстан» идеологемасын кеңінен насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қалдықтарды қайта пайдалану мен сұрыптаудың маңызын түсіндіру. Көрме жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға, қорғауға, табиғатқа ұқыпты қарауға және тұрақты даму қағидаттарын күнделікті өмірде қолдануға үндейді.