Қазақстанның жоғары білімі халықаралық күн тәртібінде: Министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға жұмыс сапары
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға жасаған жыл сайынғы жұмыс сапары аясында Шотландия, Уэльс, Солтүстік Ирландия, Лондон және бірқатар жетекші университеттер қамтылды. Осы сапар барысында Хериот-Уатт университетінің басшылығының шақыруымен Эдинбург қаласында Жұбанов университетімен әріптестікке арналған арнайы іс-шара өтті.
Кездесу Адам Смиттің тарихи үйі – Panmure House алаңында ұйымдастырылды. Хериот-Уатт университетінің бастамасымен өткен жиынға Шотландияның 10 астам университетінің басшылары мен профессорларына, халықаралық білім беру мен ғылым саласына қызығушылық танытқан академиялық қауымдастықтың мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында министр Саясат Нұрбек Шотландиялық университеттердің профессорларына Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің даму бағыттарына арналған баяндамалар жасап, трансұлттық білім беру, академиялық ұтқырлық және бірлескен ғылыми зерттеулерді кеңейту мәселелерін талқылады.
Жұбанов университеті мен Хериот-Уатт университеті арасындағы әріптестік аясында халықаралық ғылым мен білімді дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жетілдіру және зерттеу жобаларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар ортаға салынды.
Аталған кездесу Қазақстан мен Шотландия арасындағы академиялық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ өңірлік университеттердің жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануына серпін беретін маңызды алаң болды.