Басты бет > Жастар саясаты > Әлеуметтік қолдау аясында студенттерге жеңілдік сертификаттары табысталды
4
Әлеуметтік қолдау аясында студенттерге жеңілдік сертификаттары табысталды

Жоғары білім берумен қатар білім алушылардың әлеуметтік жай-күйін назарда ұстау, жастардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау – университеттің басты қағидаттарының бірі. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар нәтижесінде 150-ге жуық білім алушы серіктес компания ұсынған жалпы сомасы 82,6 миллион теңгені құрайтын жеңілдіктерге ие болды. 

Оқуда озат, қоғамдық өмірде белсенді, ізденімпаз студенттерге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясы тарапынан оқу ақысына жеңілдік сертификаттары табысталды. Бұл бастама білім мен өндіріс арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға және адами капиталды дамытуға бағытталған.

Шара барысында компанияның кадрларды даярлау және қайта даярлау бөлімінің бастығы Нұржан Жүндібаев екіжақты серіктестік аясында студенттерге көрсетілетін қолдау шаралары жалғасатынын атап өтіп, жастарға оқуда сәттілік тіледі. 

Жеңілдіктер жүйесі әлеуметтік санаттағы білім алушылар әрі оқу озаттары мен көпбалалы отбасынан шыққан және университеттің қоғамдық өмірінде белсенділік танытқан жастар арасында бөлінген.