Басты бет > Жаңалықтар > Магистратураның қысқы қабылдау түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті
4
Магистратураның қысқы қабылдау түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті

Университетте 2024 жылғы қысқы қабылдау аясында оқуды аяқтаған магистранттарға диплом табыстау рәсімі өтті. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын сәтті тәмамдаған 27 түлекке магистр академиялық дәрежесі берілді.

Іс-шара барысында университет басшылығы түлектердің кәсіби қалыптасу жолындағы еңбегін, магистрлік дайындықтың білім беру жүйесіндегі маңызы мен ғылыми әлеуетті дамытудағы рөлін атап өтті.

Қысқы қабылдау түлектері оқу кезеңінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып, заманауи білім беру талаптарына сай теориялық және тәжірибелік білімдерін жетілдірді. Бұл олардың болашақта білім беру, ғылым және басқару салаларында жүйелі қызмет атқаруына негіз болады.